Құқық қорғау органдары

Өткен жұмада өңірге жұмыс сапармен ҚР ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев келген болатын

Онда Есіл, Тайынша, Аққайың және М.Жұмабаев аудандарындағы полиция бөлімдерінің басшылары 2014 жылды қортындылады. Ауылды жерлерде әсіресе, мал ұрлығы өршіп тұрған көрінеді. Сондықтан өңірдің бас полицейі аудандық тәртіп сақшыларына алдын алу шараларын күшейтуді жүктеді. Ауданда мас күйінде өлік басқарып, заңбұзушылық жасайтындардың саны да артып отыр. 2014 жылы полицейлер 600- ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15-н еркінен тыс емдеуге жөнелтіпті. Бұдан өзге жұмысына салғырт қараған бірқатар аудан бөлімдерінің басшыларына сөгіс жарияланды.

Берік Біләлов- СҚО ІІД бастығы.

-Тәртіп сақшылары жұмысты сапалы атқаруы тиіс. Осылайша біз халықтың сеніміне ие боламыз. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің парызымыз. Қылмыс қандай болмасын оларды жасыруға жол бермеңдер. Егер тіркелмей қалған заңбұзушылық анықталса, онда бірден қызметтеріңізден айырыласыздар. Сондықтан шаруаны сапалы атқарып, қадағалау шараларын күшейтіңдер.

 

Магжан Ахмадина.