МТРА жаңалықтары

Ақпан айының соңы жылы қабақ танытады

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығының инженер-синоптигі.

-2-ші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді. Түнде сынап бағанасы -27-32, күндіз минус 17 -22 градусты көрсетеді. Кейін күн қайта жылынып, түнде сынап бағанасы -12-17, күндіз -2-7 градус болады.

Ақпан айының соңында күн шуағын шашып, көктемнің алғашқы лебі біліне бастайды. Ал көшеде серуендеуді ұнататын жерлестеріміз қыстың соңғы айынан жылы күндерді күтетінін жасырған жоқ.

Қазгидромет мамандарының болжауынша, бұл айда жауын-шашан мөлшері белгіленген шамадан жоғары болмақ.

-Қыстың соңғы айының ең суық кезеңі ретінде 1951 жыл тіркелген. Онда сынап бағанасы -42 градусты көрсеткен. Ал ең жылы күн 1962 жылдың 16 ақпанында тіркеліпті. Онда ауа температурасы +3 градус жылы болған. Риат Шони Владимир Боровков муниципалдық телеарна.

 

 

Риат Шони.