Құқық қорғау органдары

Автокөліктерді тонап келген баукеспе ұсталды

Руслан Төлебаев, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі.

-Полиция қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғынын құрықтады. Европалық келбетті 31 жасар ер азамат кәдімгі қайшының көмегімен күндізгі уақытта көліктерді ашып, керекті заттарды ұрлап жүрген.

Қаскөйге арам ойын жүзеге асыруға, көліктерде орнатылған дабыл қаққыш та тосқауыл болмаған. Петропавлдық баукеспе кезекті ұрлығын жасау кезінде құрықталыпты. Тергеу амалдары барысында ол қолды қылған навигатор, бейнетіркегішті есірткі алу үшін сатып жібергендігін мойындады.

Күдікті.

-Кетіп бара жатып, машинаны көрдім. Есігін тартып көріп едім, ашық екен. Сондықтан мен автокөлік иелері өздері кінәлі деп ойлаймын.

Қазір пысықайдың тағы осындай 5 іске қатысы бар екендігі анықталып отыр. Ол ҚР қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерутілерге сәйкес, ұрлықты қайталап жасағандар 3 мың АЕК айыппұл төлейді немесе бас бостандықтарынан айырылады.

 

 

Магжан Ахмадина.