Құқық қорғау органдары

Петропавлда «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтуде

Асхат Тоқсанов – IIБ әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы.

-Рейд барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы, құжаттары мен көліктің сыртқы келбеті тексеріледі.

Сонымен қатар, полицейлер жол көлік апаттарының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ережелерді сақтау қажеттігін ескертті.

Виталий Павлов – қоғамдық көліктің жүргізушісі.

-Жүргізушілер жолда жүру ережесін бұзбай қатынайтын болса, жақсы болар еді. Көбінесе, ірі габаритті көліктердің жолын бөгемей өткізіп отыру керек. Себебі, қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне бұндай қозғалыста жұмыс істеу қиынға соғады.

“Автобус” шарасының бірінші күнінде қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелмеген. Аталған акция 31-ші қаңтарға дейін жалғаспақ.

 

 

Сагыныш Маркашева.