Балалар

Облыстық қуыршақ театрының әртістері балаларға қуаныш сыйлады

Мейрам Сексенбаев – облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі.

-Ауруханада жату деген оңай емес. Ата-аналары мен үйлерін сағынады. Сол сияқты мұнда өзі режим деген болады. Ол қатал болса, онда балалар үйіне кеткісі келеді. Сондықтан да осы балалардың көңілін көтерейік деп жасап жатырмыз.

Ең алдымен, театр әртістері аурухананың 7 бөлімінен жиналған 60-қа жуық балғындармен викториналық ойын ойнады. Актерлер өздері әзірлеген сұрақтарын қойып, дұрыс жауап берген емделушілерге сыйлықтар таратты. Одан соң театр басшылығы әр бөлімге ой белсенділігін арттыратын ойыншықтарды табыстады. Өз кезегінде, емхана қызметкерлері осындай сый жасаған шығармашылық ұжымға алғыстарын жеткізді.

Татьяна Полипова – облыстық балалар ауруханасының аға тәрбиешісі.

-Ауруханада ем алып жатқан кішкентай бүлдіршіндердің кейбірі қуыршақ театрының әртістерін алғаш көріп отыр. Сондықтан да олар үшін қойылым қызыққа толы болды. Өнер ұжымына алғысымыз шексіз.

Шағын мерекелік концертті тамашалаушы бүлдіршіндер де әртістермен бірге түрлі ойындар ойнап, көңілдері бір көтеріліп қалды. Бірақ, қызыққа толы қойылымды тамашалау бақыты – жұқпалы ауруға шалдыққан балғындарға бұйырмады. Дегенмен, әртістер бұл жәйтті де ескерсе керек. Олар төсек тартып жатқан балалардың бөлмелерін аралап, түрлі-түсті қарандаш пен сурет салатын альбом таратты.

 

 

Бакыт Садуакасов.