МТРА жаңалықтары

“Жыл педагогы-2015” облыстық байқауы өтті

Ақжар ауданындағы өнер мектебінің намысын арқалай келген Әсемгүл Қалиева да бүгін байқауда бар мүмкіндігін ортаға салуда. Жас хореграф мұндай сындар шеберлігімізді шыңдай түседі дейді.

Әсемгүл Қалиева, Өнер мектебінің хореографы, Ақжар ауданы.

-Балаларға ритмика, халық биі сабақтарынан бермін. Осы конкурсқа бірінші рет қатысып отырмын. Байқау жоғарғы деңгейде өтіп жатыр.

Барлығы бұл байқауда өз бағын 7 педагог сынады.

Расима Сучкова, “Жыл хореографы-2015” облыстық байқауының ұйымдастырушысы.

-Бүгінгі жарысқа әр түрлі категориядағы хореографтар қатысуда. Олар бір-бірімен тәжірибе алмасып қана қоймай, өздерінің кәсиби шеберлік деңгейлерінің қандай екендіктерін паш ете алады. Бұған дейін осы сынды байқауларды суретшілер, вокалистер арасында өткіздік. Бұл сайыстар алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілмек.

Жеңімпадар бағалы сыйлық, диплом және кубоктарға ие болмақ.

 

 

 

Бану Ахметова.