Қылмыс

Жедел тергеу шараларының нәтижесінде адам өлтірді деген күдікпен қайтыс болған азаматшаның жұбайы ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, – деп мәлімдеді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі. Ұсталғанның сөзіне қарағанда, отбасындағы жанжал әйелдің өліміне әкелген. Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Егер ұсталған азаматтың қылмысқа қатысы дәлелденсе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылмақ.

Азат Құсайынов – Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы.

-Бұл факті бойынша бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі таңда қылмыстың мән жайы тергеліп, куәгерлерден жауап алынуда.

 

 

Бакыт Садуакасов.