Дина Жантілеуова- Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.
-Медиатор араздасушы екі жақты бір-бірімен кездестіре отырып, арыз-шағымдарын тыңдап, әділетті шешім шығарады. Медиаторға жүгінудің тиімділігі – біріншіден, арызданушының қалтасына салмақ түсірмейді, екіншіден, сот жүйесіндегі іс-әрекеттер қылмысқа жатпайтын ұсақ мәселелер үшін уақытын жоғалтпайды.
«Көш жүре түзеледі» демекші жыл санап медиаторлардың көмегіне жүгінетіндер саны артуда. Өткен жылы Петропавлдық медиаторлар 800-ден астам істі сотқа жетпей шешкен.
Дина Жантілеуова- Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі.
-Медиация бүгіндері әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып келеді. Соңғы кездері даулы мәселелер көрсеткіші азайғандығы байқалады. Жалпы екі жақ медиаторды еркін таңдайды. Дәл солай бұл қызметтен бас тартуға болады.
Бүгіндері Петропавл қаласында 20 кәсіби және 3 кәсіби емес медиатор қызмет көрсетеді.
Магжан Ахмадина.