МТРА жаңалықтары

Жыл басынан бері СҚО-да 50 өрт оқиғасы тіркелді

Мысалы, Островский көшесіндегі жылу коллекторында төтенше жағдай орын алды. Салдарынан тұрғылықты мекен-жайы белгісіз 24 және 45 жастағы екі ер азамат зардап шекті. От шыққан кезде олар мас күйде болған. Сондай-ақ, осы тектес күтпеген жағдай Украинский көшесінде де орын алған. Онда автокөлігіне жанармай құйып жатқанда петропавлдықтың үстіне байқаусызда әлгі тез тұтанғыш сұйықтық төгіліп кетеді. Сол сәтте машинадағы сымдардың қысқа тұйықталуынан электр ұшқыны тиіп, жапа шегушінің киімі өртене бастайды. Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұған қоса Мағжан Жұмабаев ауданында жылыту құралын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан 2 бірдей өрт оқиғасы тіркелді. Оның бірі аудан орталығы Булаев қаласында орын алса, екінішісі, Возвышенка селосында қайталанды. Екеуінде де жеке тұрғын үй жалынға оранып, тілсіз жау пеш пен баспананың едендерін шарпыған.

 

Берик Касен.