Билік

Облыс әкімі қаланы аббаттандыру шараларымен танысты

Бұрындары саудагерлер далада сөрелерді жайып тастап, сауда көркін қыздыратын. Қазір жағдай өзгерді. Кәдімгі зәулім ғимараттар пайда болып, бұрынғы дүңгіршектердің орнына сауда нысандары ашылуда. Өзгерістер Елбасының базарларды қайта қалыпқа келтіру тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Алтын армандағы сондай шаруалар өткен жылдың шілде айында басталған. Жөндеу жұмыстарына 740 млн теңге қаржы бағытталыпты.

Еділ Джалимов- «Алтын- Адал» ЖШС директоры.

-Қазіргі күні сату алаңы 6 мың шаршы метрге ұлғайтылды. Бізде сауда орындарын жалға алушылар үшін жақсы жағдайлар жасалып жатыр.

Сауда орнының жағдайын байқаған облыс әкімі жұмыстардың жақсы қарқынмен жүргізіліп жатқандығын айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Сіздер Елбасының базарларды қайта қалыпқа келтіру тапсырмасын жақсы орындап жатырсыздар. Бұл әрине қаланың абаттандырылуына өз септігін тигізуде. Енді мына нысанның сыртын дұрыстап, оны наурыз айына дейін тапсыру қажет.

Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов вокзал аумағына қойылған заманауи аялдамаға ат басын бұрды. «Ақылды аялдама» деп аталатын бұл жоба, өңірімізде алғаш болып қолға алынған.

Бауыржан Қалықов- «ЭкоСевер» компаниясының атқарушы директоры.

-Жоба құны 9 млн теңгені құрайды. Ол арқылы тасымалдаушы кәсіпорындар жұмысын да қадағалауға болады. Аялдама айналасына бейнебақылау камералары орнатылған ол жақын маңдағы жағдайды бақылап отыруға септеседі. Жалпы мұнда халық игілігі үшін бар жағдай жасалған.

Аялдама ішінде тегін «wi-fi», терминалдар мен автобус кестесін көрсететін арнайы табло орнатылған. Теріскей халқы үшін тағы бір жағымды тұсы, ол үнемі инфрақызыл сәулелер арқылы жылытылып отырады.

Жуық арада облыс орталығында тағы осындай 9 аялдама пайда болады деп жоспарланып отыр. Кейін Ерік Сұлтанов «Коммун- Север» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын тұрмыстық қалдықтарды шығару және қоқыс жәшіктерін жасаумен айналысады. Өткен жылы серіктестік қызметін 65 мың петропавлдық пайдаланыпты. Олар 2014 жылы 60 мың тонна қоқыс шығарып, қалдық тастауға арналған 500 жәшік жасаған. Ал бүгінгдері мұндағылар «Солтүстік»ҰК»АҚ бірлесіп, облыс орталығында қоқыс өңдейтін зауыт салуды көздеп отыр.

Артем Вараск- «ЭкоСевер» компаниясының құрылтайшысы.

-Ол жылына 100 мың тонна қалдықты қайта өңдей алады. Шыққан өнімдер яғни, пластик, шыны және қағазды қайталама нарықта іске жаратуға болады. Зауытты осы жылдың 3-4-ші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Қазір мұнда 40 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт іске қосылса, екі қолға бір күрек таппай жүрген тағы 100 солтүстікқазақстандықты осында тарту көзделген.

 

 

Магжан Ахмадина.