МТРА жаңалықтары

Дизельдік отынмен жүретін көлік жүргізушілеріне жолда жүруге шектеу қойылды

Мұндай шешімді “ҚазАвтоЖол” акционерлік қоғамы мен Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қабылдаған. Қаңтардың 23-інде күні ауа температурасы минус 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Құтқарушылар жолда көмек қажет болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай диспетчерлік 112 нөміріне қоңырау шалуға болатынын еске салады.