Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданына барды

Сергей Минин – Ғ.Мүсірепов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

– Бүгінгі күні бассейнде 12 адам еңбек етеді. Су жолағының ұзындығы 25 метр. Екі суда жүзу нұсқаушымыз бар. 7 сауықтыру тобы жұмыс істейді. Суға шомылуға таңғы 9-дан кешкі 21-30-ға дейін келуге болады. Тек арнайы медициналық анықтама қажет. Суды күн сайын ауыстырып тұрады.

Аудан жыл санап жас мамандармен толығуда. Сондай жандардың бірі – Гүлсанат Жұманова. Азамат ауыл-аймаққа қызмет етуге келгеніне еш өкінбейді.

Гүлсанат Жұманова – БЖССО туризм бойынша әдіскері, Ғ. Мүсірепов ауданы.

– Біз мұнда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келдік. Жолдасым осында суда жүзу нұсқаушысы болып қызмет жасаймыз. Ал өзім туризм бөлімінің әдіскерімін. Әкімдік баспана мәселесін шешіп берді. Ауданда бізге еңбек еткен бізге ұнайды.

«Құлагер» дене шынықтыру спорт кешенінің құрылысына 260 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған. Нысан қаңтар айында тапсырылған екен. Мұнда Ерік Сұлтанов жас ауыр атлетшілермен кездесіп, оларды мейлінше салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ерік Сұлтанов -Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Болашақта мұндай нысан әр аудан орталығында болуы қажет. Ол үшін қазір барлық жағдайды қарастырып жатырмыз. Қазір осындай екі кешен демеушілердің қаржысына салынып жатыр. Сіздер бірлесіздер жерлесіміз Виталий Диденко гір спортынан әлемнің 8 дүркін чемпионы. Сондықтан сіздерге оның жолын қайталауға барлық жағдай жасалған.

Кешеннің құрылысы былтырғы жылы шілде айында басталған. Қазір мұнда күрес, волейбол, футбол, бокс, сынды секциялар жұмыс істейді. Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов мұнда жүгіру жолағын сыйға тартты.

Ерік Сұлтанов -Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Елбасы кем дегенде халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы қажет деген болатын. Бұл саясатты біз уақытылы жүзеге асырып жатырмыз. Оған дәлел тек осы маусымда облыста 300 хоккей корды ашылды. Жаңа гір көтерушілермен кездестім. Айта кету керек, бұл спорт түрі біздің өңірде жақсы дамыған. Ресейден небәрі 5 пайызға ғана қалып келеміз. Соңғы әлем чемпионатында олар бізден 1 алтын медаль артық алды. Сондықтан алдағы үмітіміз сіздерде. Шұғылданыңыздар. Ал ол үшін мен сіздерге мына жүгіру жолағын сыйлаймын.

Кейін облыс басшысы Ерік Сұлтанов Рузаев ауылдық округінің әкімі Игорь Кобялконың тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Округ 1997 жылы құрылған. Қарамағына 6 елді-мекен кіреді. 2014 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша мұнда 2 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, ауылдар жарықпен қамтамасыз етілген. Биыл бөлінетін қаржы екі есеге артпақ. Айта кету керек округте ауыл шаруашылығы саласы оң жолға қойылыпты.

Игорь Кобялко – Рузаев ауылдық округінің әкімі, Ғ. Мүсірепов ауданы.

– Былтырғы жылы округтің шаруа қожалықтары 849 гектар алқапқа дән сіңірген болатын. Күзде 1332 тонна өнім жинап алдық. Астық берекелілігі орта есеппен алғанда гектарынан 13 центрнерді құрады. Мал шаруашылығын жандандыруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Корель» фермерлік қожалығы 111 бас ірі қара сатып алды. Мұнымен қоса «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары да тиісті деңгейде жақсы орындалды.

Кездесуде аудан әкімі Владимир Дудовтың да есебі тыңдалды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан облыста барлық көрсеткіштер жағынан көш бастап тұр. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп саларында алға ілгерлеушілік байқалады. Елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесі де оң жолға қойылған.

Владимир Дудов – Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі.

– Аудан тұрғындарының 91 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. Бұл 37811 адамды құрап отыр. Бұл мәселе уақыт өткен сайын шешімін табуда. «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде бірқатар шаруалар басталды. Алдағы уақытта жұмыс аяқталса, ауылдардың барлығы таза ауыз суға қол жеткізеді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен жазбаша арыз-шағымдар оқылды. Солардың бірі – жол жөндеуге қатысты болды.

Владимир Дудов – Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі.

– Былтыр Рузаев селосынан Айыртау ауданына қатынайтын жол жөнделген болатын. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады ма?

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Биыл тағы 15 шақырым жол жөнделеді. Ол үшін 320 миллион теңге қаражат бөлінді. Былтыр автомобиль жолдары алғаш рет жаңа технология бойынша Ғабит Мүсірепов ауданында жөнделді. Нәтиже жаман емес. Бұл 5-6 есеге арзан.

Чернобаевка селосының тұрғындары облыс әкімінен су мәселесін шешіп беруді өтінді. Бүгінгі күні тұрғындар тіршілік көзін құдықтан пайдаланып отыр.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Облыста 689 елді-мекен болса, олардың 200-ге жуығы орталықтандырылған су желісіне қосылмаған. 9-на су арнайы техникамен жеткізілсе, қалғандары сапасыз тіршілік көзін пайдаланып отыр. Сондықтан нақ осы 25 ауылға бірінші кезекте су тартатын боламыз. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Ол наурыз айының соңында аяқталады. Бұл тізімде Чернобаевка селосы да бар. Тиісті қаржы бөлінді. Келер жылы мәселе толығымен шешіледі деп ойлаймын.

 

Сондай-ақ , жергілікті мәдениет үйінің шатырын жөндеуге, малдарды жем-азықпен қамтамасыз етуге де қатысты сұрақтар қойылды. Мұнымен қоса болашақта Рузаев ауылында жас мамандарды баспанамен қамту үшін ескі ғимараттар да жаңғыртылмақ. Ерік Сұлтанов мәселелерді жақын арада шешуді тапсырды.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаңтар-қараша айларынында ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,8 пайызға төмендегенін айтып, оны биыл 7 пайызға көтеру керектігін тапсырды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі кездесуде көтерілген сұрақтардың барлығы назарда болып, болашақта шешілеті деп сендірді.

Джакупов Самат .