МТРА жаңалықтары

БАҚ өкілдеріне арналған байқау

Анатолий Усольцев- СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

– Ормандарды, өзен-көлдерді ластамауға үйрету және оларды сақтауға тұрғындарды наситаттауда БАҚ алатын рөлі зор. Сондықтан әріптестікті одан әрі дамыта түсуді көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, байқау арқылы орманшылар, балықшыларымыздың қиын жұмысын көрсеткіміз келеді. Олар солтүстіктің сарышұнақ аязына, жаздың аптап ыстығына қарамай, тәулік бойы жұмыс істейді. Бізде талай жыл өңірдің дамуына үлес қосқан ардагерлер де жеретлік. Солардың көп жылғы еңбегін де айтып өтуге болады.

Байқауға материалдар 20 қазанға дейін қабылданады. Теледидар мен электронды және баспа журналистерінің жұмыстары екі бөлек қабылданып, бағаланады. Жүлделі орындармен қатар, ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Анатолий Усольцев- СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

– Байқауды күз айында өтетін ғылыми- тәжірбиелік конференцияда қортындылаймыз. Жеңімпаздар ведомства сайтында шығарылады. Әрине жұмыстарды арнайы комиссия қарап, бағалайтын болады.

Жалпы бүгіндері басқармада 800-ден астам адам бар болса, солардың 600-ге жуығы орман шаруашылығы саласында еңбек етеді. Сондықтан қаламы қарымды журналистер үшін тақырып ауқымы кең болып отыр.

 

 

Магжан Ахмадина.