Қоғам

Солтүстікқазақстандық православтар Крещение мерекесін тойлады

Кейін Петропавл-Булаев епархиясының епископы Владимир кресті суға малып, өзенді аластады. Бұл 2 мың жылдан бері өзгермей келетін діни мерекенің дәстүрі.

Владимир – Петропавл-Булаев епархиясының епископы.

-Бүгін біз рождество мейрамынан кейін белгіленген діни мерекені тойлап, Иса пайғамбардың крещение жасағанын еске алып, суды тазартудамыз. Бұл күні көптеген православ сеніміндегілер иорданға келіп, суға шомылуда. Одан солтүстікқазақстандықтар да қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгінгі мереке бірлік пен қуанышқа толы күндерді әкелсін. Қасиетті су жаңа бақытты ғұмырдың басталуына мұрындық болсын.

Тұрғындар тазарып, ерекше қасиетке ие болған суды қажетіне пайдалану үшін таласып ыдыс-аяқтарын иордандағы тіршілік көзіне толтыруға асық. Бұл үшін жеті жерден арнайы орын ашылды. Діни сенім бойынша бұл күні тазартылған су бір жыл көлемінде қасиетін жоғалтпайды.

Бұл күні ауа температурасы минус 6 ғана болғанымен, жел қатты. Десе де, суға түсуге ниет білдірушілер көптеп жиналды. Өйткені дұғамен аластатылған суға түскен өте пайдалы, адам баласы күнәларын шайып, дертінен айығады деген сенім қалыптасқан. Олар үшін Есіл өзенінде үш ойық жасалды. Шипалы суға түсуге келгендердің арасында Александр Трояковта бар. Ер азамат 2008 жылдан өзенге шомылып жүр.

Александр Трояков.

-Суға шомылып шыққаннан кейінгі әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Денеңе мыңдаған ине қадағандай. Өзім 7 жыл қатарынан бұл діни рәсімді әдетке айналдырдым. Жалпы су тамаша. Жанымның тазарғанын сезініп тұрмын.

Есіл өзеніне келіп суға шомылушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі басты назарда. Сол себепті де тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД екінші разрядтағы құтқару станциясының жетекешісі.

-Бүгінгі шарада 20 суда құтқару қызметінің құтқарушылары мен 2 автомашина жұмылдырылған. Мұздың қалыңдығы 18-40 см. Бұл айтарлықтай қалың емес. Сол себепті де біз өзенге 50 адамнан жіберіп жатырмыз. Суға шомылғаннан кейін, дереу сүртініп ыстық шәй ішкен жөн.

Өзен суы қасиетін 3 күн бойы жоғалтпай сақтайды екен. Есілге жету мүмкіндігі болмаған адамдар үшін үйдегі краннан аққан су да жеткілікті.

 

 

Риат Шони.