Анна Михайлова, “Добрая сказка” балабақшасының меңгерушісі.
-Біздің балабақша “Балапан” бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатыр. Ашылуымызға қалалық әкімдік пен “Даму” қоры көмектесті. Несие алу үшін 50 пайыз кепілдік берді. Үстемеақының 7 пайызын субсидиялайды. Мемлекеттің қолдауын айтарлықтай сезініп отырмыз. Алдағы уақытта балабақшаның филиалдарын ашуды жоспарлаудамыз.
Балабақшада бүлдіршіндердің мектепке дейінгі тәрбиені алуы үшін барлық жағдай жасалған. Балалармен логопед, психолог, хореограф мамандары жұмыс істейді. Бөбектердің тіпті каратэмен айналысуына да мүмкіндік бар.
Мектепке дейінгі білім беретін мекемеде 48 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Олар екі топқа бөлінген. Мұндағы тәрбиешілер балалармен жұмыс істеуде жаңа әдістерді қолдануға тырысады. Татьяна Поскевич өткен жылы М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжді аяқтаған соң бірден осында жұмысқа орналасыпты. Айта кету керек, балабақша “Балапан” бағдарламасы аясында ашылғандықтан, мұндағы қызметкерлер жалақысын мемлекеттен алады екен.
Татьяна Паскевич, “Добрая сказка” балабақшасының тәрбиешісі.
-2014 жылы колледжді тәрбиеші мамандығына аяқтаған соң, жазда өзіме жұмыс іздей бастадым. Сөйтіп, тамыз айында осында келіп, әңгімелесуден өттім. Мені жұмысқа қабылдады. Балабақша маған бірден ұнады. Өйткені, балалар мен жұмысшыларға барлық жағдай бар.
Ата-аналар да балабақшаның жағдайына көңілдері толатынын айтады.
Екатерина Голубевская.
-Біз 3 жылдан бері балабақша кезегінде тұрмыз. Кезегіміз әлі келмейтіндіктен, жеке мектепке дейінгі білім беретін мекемеге баруға кеңес алдық. Сөйтіп, біз таңдап жүріп, осы жерге келдік. Мұнда маған өте ұнады. Қызым дұрыс сөйлей алмайтын, қазір баламның ой өрісі дамып келеді.
Айта кету керек, “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда 4 жылдың ішінде “Даму” қоры 362 жобаны мақұлданған. Несиенің жалпы соммасы 32 млрд. теңгені құрайды. 2 млн теңге субсидия берілген. Кепілдендіруге келетін болсақ, осы уақытқа дейін 2,4 млрд теңгенің 61 жобасы мақұлданған.
Бану Ахметова.