Қоғам

Мүлікті жария ету жалғасуда

Лидия Рихтер- қала тұрғыны

– Кеңес алуға келдім. Жалпы бұл мүлікті жария етудің не екендігін түсіндім. Әйтеуір маған ештеңені өзгертудің, заңдастырудың қажеті жоқ. Құжаттарымның барлығы дұрыс болып шықты.

Осы уақытқа дейін қалалық әкімдік жанынан құрылған комиссияға 89 петропавлдық жүгінген. Өтініштердің 80-і комиссия отырысында қарастырылыпты. Олардың 30-ы бойынша комиссия мүшелері оң нәтиже шығарса, 14 өтініш иелеріне құжаттары дұрыс болмағандықтан қайтарылып берілді. Ал 36 солтүстікқазақстандықтың өтініші қабылданған жоқ.

Қанат Барқытов- мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы

– Егер жер телімі мақсатты түрде қолданылмаса, егер участок мүлікті жария етіп жатқан азаматқа тиесілі болмаса, жылжымайтын мүлік нысаны сотта қарастырылып жатса, онда комиссия мүшелері ондай өтінішті қабылдамайды.

Жалпы 1 қыркүйекте басталған жария ету шарасы 2015 жылдың желтоқсан айына дейін жалғаспақ.

 

Магжан Ахмадина.