МТРА жаңалықтары

Салық заңнамасына өзгертулер енгізілді

Сергей Яковенко – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

– Өткен 2014 жылы жаңа заңнамаларды түсіндіру мақсатында, Петропавл қаласында 310-нан астам түрлі іс-шара өтті. Нәтижесінде 17 мыңнан астам салық төлеуші жан-жақты кеңес алды. Қазір аптасына екі мәрте терминал арқылы салық төлейтін азаматтармен оқыту семинарлары ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ бүгінгі күні кедендік одаққа қатысты өтініш формалары өзгерді. Міне бүгінгі жиында осы және де басқада тақырыптар қамтылады.

Кездесуге облыс орталығындағы жеке кәсіпкерлердің 50-ден астамы қатысты. Енді жаңа ережелерге сәйкес, салық заңнамаларын бұзғандарға айыппұл салынбақшы. Мұнымен қоса, алдағы уақытта бизнес саласының өкілдері мемлекеттік кіріс бақармасына тапсыратын қағаз бастылықтан да арылатын болды.

Алмаз Усманов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім жетекшісі.

– Бұрын азаматтардың жеке кәсіпкерлігі жабылатын кезде газет басылымдарында оны жариялау қажет еді. Енді бұл міндетті емес. Яғни салық кодексінің 41,42,43 баптарына қатысты өзгертулер енгізілді. Мұнымен осыған дейін кәсіпкер, адвокат болу үшін бізге келіп өтініш жасулары тиіс еді. Ал қазір барлығы электронды түрде жүргізіледі. Яғни интернет арқылы.

Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер мамандарға толғандырған сауалдарын қойып, оған тұщымды жауаптар ала алды. Жиынды қорытындылаған мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері алдағы уақытта заңнамаға басқа да өзгертулер енгізілген болса, салық төлеушілер қосымша құлағдар етелетінін айтты. Ал жалпы мұндай кездесулер болашақта барлық аудандарда ұйымдастырылмақ.

Джакупов Самат.