Өнеркәсіп

(( «Анисифоров» жеке қәсіпкерлігі «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізуге үлес қоспақ

Заман талабына сай гидроабразивтiк кесу аппаратын Алекесей Васильев жалғыз өзі басқарады. Білікті маман үш жыл уақыт ішінде оның қыр-сырын жіті меңгерген. Қазір ол гранит, мрамор сынды кез-келген бағалы тастарды қашап, түрлі ою-өрнектермен пішіндерді жасай береді.

Алексей Васильев – «Анисифоров» ЖК гидроабразивтiк кесу уческесінің жетекшісі.

– Қондырғы кез-келген материалды кесе береді. Олардың қалыңдығына байланысты, белгілікті жылдамдық қойылады. Тапсырыс беруші бізге қажетті суретін әкелсе болғаны. Қалғанын әрі қарай өзім өңдеймін. Әрине жұмыс аса төзімділікті талап етеді.

Кәсіпорын нарықта 15 жыл. Бастапқыда мұнда терезе мен түрлі есiктер шығарылатын еді. Қазір сәндік құрылыс материалдарын жасаумен де айналысады. Яғни мұндай жабдық ғимараттарды қайта жаңғырту да кеңінен қолданылады. Айта кеткен жөн аталмыш шаруашылық болашақта «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне арналған қалашық құрылысын тұрғызуда үлестерін қоспақ.

Виталий Анисифоров – «Анисифоров» ЖК директоры.

– «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-ның сәулет және құрылыс департаментінің өкілдері біздің кәсіпорында болып бүгінгі тыныс-тіршілігімізді көріп кетті. Облыста мұндай зауыт жалғыз. Сондықтан біздің өнімге сұраныс бар деп есептеймін. Бұл ретте алдағы уақытта біз өз қызметтерімізді көрсетуге дайынбыз.

«Анисифоров» жеке кәсіпкерлегі былтыр «Қазақсанның үздік тауары» көрме-байқауының республикалық кезеңінде екінші орынды жеңіп алды.

Джакупов Самат.

erif”;&� fr�1�� -family:”Times New Roman”;- Ауылымыз қаладан 40 шақырым жерде орналасқан. Бірақ ешқайда шыға алмай отырамыз. Жеке меншік автобус екі-үш ай жүреді сосын адам көп болмағасын қайтадан тоқтап қалады. Қашан қоғамдық көлік мәселесі жолға қойылады.

Ағыбай Жақыпов- Лесное ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы

 

– Бізде қаншама рет автобустар келді, бағыт аштық, бірақ клиенттер аз. Сондықтан оларға 1-2 клиентті ғана тасу тиімсіз. Жеке кәсіпкерлер сондықтан ауылға қатынағысы келмейді.

Бұдан өзге тұрғындар интернет желісімен қамтамасыз ету, қаңғыбас иттердің жайын айтты. Жалпы халық ауылдық округ әкімінің атқарып жатқан істеріне риза.

–  Кездесу жақсы өтті. Бізде көп проблема жоқ. Негізгісі осы автобус мәселесі. Шешімін табады деген сенімдеміз.

– Өткен жылы айтылған сын ескертпелердің біразы шешімін тапты. Сондықтан биылғы көтерілген мәселелер де орындалады деген үміттемін.

Ағымдағы жылы ауылдық клубты жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған 2 млн. теңгеден астам қаржы бағытталыпты.

 

Магжан Ахмадина.