МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтардың зейнетақысы өсті

Берік Сүлейменов, зейнеткер

– Президенттің қолдауымен биыл зейнетақымызға 9 процент ақша қосылды. Міне, бүгін зейнетақымды алып жатырмын. Мұндағы қызметкерлер қарияларды сыйлап жатыр, зейнетақыны уақытында алып тұрамын.

Оған қоса қазақстандықтардың айына алатын ең төменгі зейнетақының бір жылдық төлемі өсті. Оның шамасы – 23 мың 692 теңге. Бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда 3 мың теңгеге артық.

Лидия Верясова, зейнеткер

– Зейнетақымыздың қосылғаны әрине жақсы. Бірақ мұнымен шығындарымыз азайды деп айта алмаймын. Қазір қайта коммуналдық төлемдер құны шарықтады. Оған қоса азық-түлік пен жол ақысы тағы бар.

Бүгінде құрметті демалысқа ерлер 63, әйелдер 58 жастан асқанда шығады. Бірақ, бұл талап бәріне бірдей емес. 5 не одан да көп баланы туған немесе оларды 18 жасқа дейін асыраған әйелдер зейнетке 53 жасында шыға алады екен.

Ғалия Мұқанова, “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімінің меңгерушісі

– Егер біздің салымшымыз қайтыс болған жағдайда оның шотында қалған ақшасы сол адамды жерлегенде беріледі. Қалған бөлігін мұрагері алады.

Бүгінде салымшылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымын үйден шықпай-ақ ғаламтор желісі арқылы бақылау мүмкіндігіне ие.

Ғалия Мұқанова, “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімінің меңгерушісі

– Алдымен салымшылар біздің кеңсеге келіп, интернеттегі электрондық поштасын бізге айтулары қажет. Содан кейін біз келісім-шарт жасасып, олардың қалаған уақытында есепшотындағы салымын бақылап тұруына жол ашамыз.

 

Берик Касен.