Аптадағы маңызды жаңалықтар

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталады

Олардан жалпы саны 1900- ден астам шағым, ұсыныстар түсіпті. Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі жолдардың жағдайы, аббаттандыру және елді мекендерді ауыз сумен, жарықпен қамтамасыз ету, газдандыруға қатысты болған. Биыл өңірдегі әкімдер 671 кездесу өткізеді деп жоспарлануда, ал жалпы облыста – 209 әкім бар. Атқамінерлердің есептік кездесулері 14-ші ақпанға дейін жалғасып, 5 кезеңде өткізіледі. Аймақ жетекшісінің облыс тұрғындарымен жүздесуі науқанды қорытындылайды. Ол ақпанның 20-сы өтпек. Ал әкімдердің баяндамаларымен және бағдарламалардың орындалуын жергілікті газеттер мен ресми сайттарда танысуға болады.

Мадияр Қожахмет- СҚО әкімі аппаратының жетекшісі

– Ол жасалып жатқан мақсаты кездесуге келер алдында халық барлық ақпаратпен танысуы қажет. Кейін сауалдар жолдайды. Барлық ауыл тұрғындары осындай кездесулерге бара алмайды. Сондықтан ауылдарда арнайы жәшіктер орнатылады. Оларға өз бұйымтайын жазып қалдыруға болады. Кейін сұрақтар шешімін табатын болады.

 

Магжан Ахмадина.