Ойынға қатысушылар скейтборд, самокат, резеңке доптармен сынға түсуде. Кейбір мектептерде қажетті спорттық жабдықтар алынып, жеткіншектер “Мен чемпионмын” ойынына өте жақсы дайындалып келген. Ең мықты командалардың бірі- Есім Шайкин атындағы 3-ші орта мектептің “Динамит” құрамасы Сухорабов орта мектебінің “Тұлпарымен” кездесті.
Бас пен аяқты төмен ұстау керек. Өйтпесе, скейтбордпен ойынның кедергілерінен өте алмайсың. Жарыстың тапсырмасы осымен шектелмейді. Бұдан кейін хоккей таяғымен допты кедергілерден өткізе отырып, тосынан шығарылған қақпаға кіргізу қажет. Доп керекті жерге дәл түссе, қосымша ұпай беріледі. Мұның “Тұлпар” мен “Динамит” командасына берері аз. Өйткені, екі командада тең түсіп келеді. Дей тұрғанмен ойынды олар 23-24 ұпайымен аяқтады. Динамит командасының пайдасына. Сөйтіп, аталған команда жартылай финалға өтті. Бұл жолы Динамиттің бағы жанама жоқ па белгісіз.
Өйткені, олар Приишим орта мектебінің “Барысымен” кездесті. “Барыс” командасы жеңісті қолдан жібермейтін құрама. Олар қарсыластарынан 3 ұпай артық жинап жеңіске жетті. Енді Барыстықтарға босаңсуға болмайды. Өйткені, олар үшін ойын аяқталған жоқ. Айта кетеу керек аталған ауданның мектеп оқушылары ғана тек спорттық сайыспен шектелмеді. Интеллектуалдық тапсырмаларды да орындады.
Зина Байгаскина, Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары
– Облыстық “Мен чемпионмын” балалар спорттық сайысы оқушылардың сүйікті ойынына айналды. Барлық оқушылар қуана қатысуда. Алдағы уақытта бұл жарысты ұйымдастыру дәстүрге айналады деп ойлаймын.
Финалда “Барыс” командасы бұған дейінгі ойынның жеңімпазы “Найзағаймен” кездесті. Қос команда да мықты. Ойынның қорытындысы бойынша 21 ұпаймен “Барыс” құрамасы екінші орынға жайғасты. Ал, олардың қарсыласы Кривощеков орта мектебінің оқушылары 23 ұпаймен облыстық кезеңге жолдама алды.
Бірінші орынға “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалының 30 мың теңгесі берілді. Екінші орынға 20 мың, үздік үштікке 10 мың теңге табысталды.
Ахметова Бану.