Қылмыс

Пәтер ұрлары ұсталды

Тәртіп сақшыларына жәбірленуші петропавлдықтардан арыздар өткен жылдың қараша айының соңында түсе бастапты. Барлық қылмыстар бір біріне ұқсас жасалған. Сыртқы есіктер жабық болғанымен, пәтерлерден ақша мен зергерлік бұйымдар және техника қолды болған.

Иван Терзиди – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы

– Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген бір топ адам ұсталды. Олар сыртқы есіктерді ұқсас кілтерді таңдау арқылы ашқан.

Баукеспелер бірлесе әрекет еткен. Олар домофон арқылы үй иелерінің баспанада жоқтығын білген соң, арам ойларын іске асырып отырған. Көбіне ұрыларға қытайда жасалағн құлыптарға кілт жарату оңайға соғады.

Иван Терзиди – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы

– Қазір 3 күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қолға түскен азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандардың екеуі бұған дейін сотталған. Қылмыстық топ жалпы саны 18 ұрлық жасады деп айыпталып отыр.

Ахметова Бану.