МТРА жаңалықтары

Өткен аптада облыста 10 өрт оқиғасы тіркелді

Кешке үй иесі пешті жағып, отбасын алып туыстарына қонуға кеткен екен. Баспанадағы өрт таң ата басталған. Бұған себеп – пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы болуы мүмкін.
Бір аптаның ішінде осы себептің салдарынан төрт бірдей моншада от тұтанды. Сондай-ақ, өткен жұмада 2 автокөлік жанған.
Барлығы жыл басынан бері облыс аумағында 25 өрт оқиғасы тіркеліп, 1 адам қаза тапты. Материалдық шығын көлемі 1,5 млн теңгеден асты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Данаш Хамзина.