Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда ұрылар 57 жастағы әйелді өлтіріп кеткен

Бибігүл Қасенова, Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары

– Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу және қылмыскерлерді жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының 3 тұрғыны ұсталды. Олардан жәбірленушінің үйінен жоғалған заттар тәркіленді. Қазір күдікті ретінде қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

– Было вообще с целью, просто, – взять, ограбить и уйти

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Бірқатар сараптама жұмыстары тағайындалып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алда айыптылардың ісі толығымен дәлелденсе, олар 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Берик Касен.