Спорт

Есіл ауданындағы мектеп оқушылардың арасында “Мен чемпионмын” спорттық ойынының жеңімпаз командасы анықталды

Жарысқа аталған ауданындағы 16 мектептің 320 оқушысы қатысып өзара мықтыларды анықтады. Оқушылар ойынның 7 эстафетасын бағындырған. Сөйтіп, ақтық сында 6 команда сынға түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші Явленка орта мектебінің “Пингвин” командасы жеңіске жетті. Сөйтіп, олар “Мен чемпионмын” спорттық ойынының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Мадияр Нұрқанов, Есіл аудандық білім бөлімінің әдіскері

– Ақтық сында 6 команда қатысты. Бірінші орын алған командаға 150 мың теңге табыс етілді. Барлығы да бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Ахметова Бану.