МТРА жаңалықтары

конецформыначалоформыЕң төменгі күнкөріс деңгейі алдыңғы айлармен салыстырғанда 1,2% өст

Ал өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстыратын болсақ, ол 9,2% жоғары. Осылайша теріскейлктер 10 мың 349 теңге азық – түлікке, ал тағамдық емес қажеттіктермен түрлі қызметтерге 6 мың 900 теңге жұмсайды. Соның ішінде ет пен балық сатып алу шығындары 22,3%, сүт, май мен жұмыртқа өнімдерін сатып алуға кететін шығын 16%, жеміс-жидек пен көкеніс 11%, нан өнімдері 8,6%, қант, шай мен басқа да өнімдерге аталмыш көрсеткіштің 2,%-ы жұмсалады.
Ал Петропавл қаласында ең төменгі күнкөріс деңгейі 17 мың 68 теңге болса, аудандар да бұл көрсеткіш 288 теңгеге артық. Халықты әлеуметтік – демографиялық топтарына бөліп жаратын болсақ, жастар үшін 13 мың 656 теңге, жасөспірімдерге 21 мың 825, қыздар үшін 16 мың 723 теңге жұмсалады. 20 мың 500 ерлер үшін, әйелдерге 16 мың 347 теңгеден келеді. Ал зейнеткерлер мен қарт азаматтар 16 мың 156 теңге жұмсайтын көрінеді.

Джакупов Самат.