Балалар

Балғындар саяхат жасады

Айбын Ермағамбетов – Пресновка орта мектебінің 5 сынып оқушысы, Жамбыл ауданы

–  Маған мұражай ерекше әсер қалдырды. Онда мен көптеген суреттердің ішінен әкемді тауып алдым. Бұдан басқа полицейлердің жасаған ерліктері жайлы молынан айтылды.

Кейін кішкентай жамбылдықтар кавалериялық взводтың жұмысымен танысты. Онда балалар полицейлермен бірге атқа мініп, шеберліктерін байқады.

– Мальчики, девочки, кыздар, балалар – всем понравилось? – Да! Большой рахмет!


Бүлдіршіндер әсіресе, кинологиялық орталыққа баруға асықты. Олардың бұл арманы орындалып, балғындар тәртіп сақшыларының төрт аяқты көмекшілерімен кездесті. Кейін суретке түсіп, лекция тыңдады. Бұдан соң балалар қалалық ботаникалық бақта серуендеді. Саяхат бүлдіршіндердің көңілінен шықты.

Магжан Ахмадина.