Өнеркәсіп

Ахмудинов” ЖК ағаш қалдықтарынан отын шығаратын зауыт ашуды көздеуде

Өндіріс ошағының нарықта жүргеніне 11 жыл болған. 2012-2013 жылдары нысанда жаңғығырту жұмыстары жүргізіліпті. Оған 30 млн теңге жұмсалынған. Кәсіпорын 2014 жылы өндіріс көлемін 20 пайызға арттырыпты. Мұнда бүгіндері ағаштан 50-ден астам өнім түрі шығарылады. 75 адам еңбектеніп жүр. Алдағы уақытта кәсіпорын басшысы ағаш қалдықтарынан отын шығаратын зауытты іске қосуды көздеп отыр. Оны индустрияландыру картасына енгізу үшін құжаттар дайындалуда. Жалпы жобаның құны -75 млн теңге. Зауыт басшының жоспарында тағы неміс технологиясы бойынша ағаштан жоңқа жасайтын тақта өндіретін өндіріс нысанын ашу да бар.