Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
– Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі күні Қазақстанда 140-тан астам этнос пен 17 конфессия өкілдері бір шаңырақ астында айрандай ұйып отыр. Елбасымыздың өкімімен бұл күн 2005 жылдан жалпыұлттық мереке болып аталып өтіледі. Сондықтан, сіздердің отбасыларыңызға амандық, жақсылық тілеймін.
Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын, Иса пайғамбардың өмірге келген күнінен басталады екен. Міне, содан бері христиандар 20 ғасыр бойы діни мерекені тойлап келеді. Яғни бұл күні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұға оқып, бір-бірін құттықтап, игі тілектерін арнайды.
Валентина Пашкеевич – Петропавл қаласының тұрғыны.
– Біздер үшін бұл Ұлық мереке. Сондықтан міне немерелерімді алып, шіркеуге келдім. Жас ұрпақ біздің өткен тарихымызды білулері қажет. Мереке күні дастархан жайып, қонақ күтемін. Барша солтүстікқазақстандықтарды осы мерекемен құттықтамын.
Бұл мерекеге дейін христиандар 40 күн ауыз бекітеді екен. Айта кеткен жөн бүгінгі күні рождество мейрамы әлемнің 100-ден астам елінде мереке ретінде аталып өтіледі. Бұл көште Қазақстанда бар. Сондықтан елімізде бұл күні демалыс жарияланған.
Джакупов Самат.