Құқық қорғау органдары

Жүргізушілер жасаған заңбұзушылықтар

Полицейлер 295 заңбұзушылықты анықтапты. Солардың ішінде ең көп кездесетіні- қауіпсіздік белдігін тақпай көлікті тізгіндеу. Ондай 72 жағдай орын алған. Тағы 60 жүргізуші ұялы телефонмен сөйлессе, енді 10 солтүстікқазақстандық жылдамдықты арттырған. Темір тұлпарды мас күйінде тізгіндегендер де табылыпты. Ондайлардың саны- 14. Ал 11 жерлесіміз жолға қоқыс тастағаны үшін жазаланды. Жолда жүру ережелерін көлік басқаратындар ғана емес, жаяу жүргіншілер де бұзатын көрінеді. Жыл басталғалы осындай қателікке бой алдырған 32 өңір тұрғыны жауапкершілікке тартылған. Олардың барлығы белгіленбеген жерден өтіпті. Жүргізушілердің құлағына алттын сырға, 2015 жылдың 7 қаңтарынан бастап елімізде жаңа жолда жүру ережелері енгізілетін болады.

 

 

Магжан Ахмадина.