Бизнес және экономика

Шетелден тауар импорттаған жеке тұлғаларға қосымша құн салығы салынбайды

Нұржан Тоқжанов, Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Қаңтардың 1-інен кәсіпкерлік емес мақсатта шетеледен тауар немесе көлік құралдарын импорттаған жеке тұлғаларға жанама салық салынбайды. Бұл жеңілдікті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары пайдалана алады.

Татьяна Признякова – жеке кәсіпкер. Ол 10 жыл көлемінде Ресейден көкөністер мен түрлі гүлдес өсімдіктердің тұқымын тасымалдайды. Ол бизнеспен айналысатын заңды тұлғалар да қосымша құн салығынан босатылса жақсы болар еді деп отыр.

Татьяна Признякова, жеке кәсіпкер

 

Біз тауарды шет елден әкелеміз. Оған қоса қалтамыздан ақша шығарамыз. Еуразиялық бірлестік аясындағы мұндай кедендік жеңілдіктер әрине жақсы. Енді осындай жеңілдік заңды тұлғаларға қарастырылса, жақсы болады.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірудің біз үшін артықшылығы мол. Бастысы, тұтынушы үшін тауарды таңдау аясы кеңейеді, ал кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетілігі артады.

Берик Касен.