Қоғам

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш жоғарылады

Енді, республикалық бюджет туралы заңға сәйкес 1 айлық есептік көрсеткіш 1 мың 982 теңгені құрады. Бір жылдың ішінде оған 130 теңге қосылып отыр. Сондай-ақ, қаңтардың 1-нен елімізде ең төменгі жалақы да жоғарылады. Оның бұрынғы деңгейі 1 398 теңгеге өсіп 21 мың 364 теңгеге жетті.
Бұған қоса, базалық зейнетақы да жоғарылады. Ол қазір 11 мың 182 теңгеге тең.
Осыған сәйкес, қазақстандықтардың айына алатын ең төменгі зейнетақысы да өсті. Оның шамасы – 23 мың 692 теңге. Бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда 3 мың теңгеге артық.

 

 

Данаш Хамзина.