МТРА жаңалықтары

2014 жыл несімен есте қалды

Жомарт Уәлиев

– Бұл жыл бізге үлкен бақыт әкелді. Отбасымызда 3 шілде күні үш қыз бала пайда болды.

Қазақ халқы үшін жеті қазынаның бірі саналатын қамбар ата төлі қасиетті жануар. Сондықтан балаларының нақ осы жылқы жылы туылғанына ата- ана риза. Кішкене сәбилер- Айша ,Арай және Алуа биыл алғашқы Жаңа жылдарын қарсы алады. Қазір меркені тойлауға барлығы даяр.

Жомарт Уәлиев

– Келер жыл да біз үшін жақсы болады деген сенімдемін. Балаларымыз алғашқы қадам жасай бастайды.

Жер шарындағы әр тұрғын жаңа жылға айрықша дайындықпен, үкілі үмітпен келетіні анық. Бұл әулеттің өз бапсанасы жоқ. Сондықтан олар қой жылы бұл арманымыз орындалар деген үмітте. Ал біздің келесі кейіпкер Айса Сапанов үшін, керісінше 2014 жыл жаңа пәтерге қоныс тебуімен есте қалған. Ардагер 1926 жылы Сарыбұлақ ауылында туған. Әскерге 1944 жылы 18 жасында шақырылып, Ұлы Жеңісті Берлин маңында қарсы алды. Ағымдағы жылдың 16- шы желтоқсанында қарт майдангерге Ғ. Мүсірепов ауданының орталығы- Новоишимка ауылынан 2 бөлмелі пәтер беріліпті.

Айса Сапанов- ҰОС ардагері, Ғ. Мүсірепов ауданы

– Баспанамыз жақсы. Жылы, жарық. Үйіміз оңды. Рахмет сіздерге. Осындай жақсы жағдай болсын әрдайым халыққа. Жақсылық болсын.

Ал 22 жасар Динара Әшімханова биыл Жамбыл аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке тұрған. Екі қолға бір күрек тапқан нәзік жанды, келесі жылы біліктілігін шыңдай түспек.

Динара Әшімханова- Жамбыл аудандық туберкулезге қарсы диспансердің іс жүргізушісі

– арнайы оқудан өтіп, әрі қарай да жұмыс жетілдірмекпін.

Әр адам жыл он екі айда бір айналып келетін жаңа жылды асыға күтіп, одан бақыт пен ұлан-асыр қуаныш күтетіні ақиқат.

Біз бүгін 2014 жыл сәтті, қуаныш әкелген бірнеше отбасыны ғана айтып өттік.

– Бақытқа бөленуге әр отбасы лайық. Сондықтан келер 2015 жыл да баршамызға толайым табыс, мол шаттық әкелсін.

 

 

Магжан Ахмадина.