Өнеркәсіп

Жедел салынатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты биыл 1400 тоннаның өнімін өндірген

Бахытжан Шамғанов – «Жедел салынатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты» ЖШС қызметкері.

-Зауыт маған ұнайды. Бастысы жұмыс бар. Айлығымыз жақсы. Қазір жаңа станогтар келіп жатыр. Жұмысымыз жеңілденді.

Зауыт облыс орталығында 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында қазір 130-дан астам адам еңбекпен қамтылған. Жалпы 2014 жыл серіктестік үшін табысты болды. Яғни мұнда 1400 тоннаның өнімі өндірілді. Осылайша тапсырыс 100 пайыз орындалды.

Азамат Бекқожинов – «Жедел салынатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты» ЖШС директорының орынбасары.

-Биыл зауыт бір мезгілге де тоқтаған емес. Ісіміз алға басты. Оның үстіне соңғы үлгідегі бірнеше қондырғыларды сатып алдық. Сондай-ақ осы жылы 10-нан астам 5-ші, 6-шы разрядтағы дәнекерлеуші азаматтарды жұмысқа қабылдадық.

Бүгінгі күні зауыт өнімдеріне сұраныс бар. Дайын болған өнім Қазақстанның түпкір – түпкіріне жөнелтіледі. Мұнымен қоса аталмыш кәсіпорын «Экспо – 2017» көрмесін өткізу де өз үлесін қоспақ.

Азамат Бекқожинов – «Жедел салынатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты» ЖШС директорының орынбасары.

-Қызылжар инвест форумында «ЭКСПО – 2017» көрмесінің құрылысына жауапты компаниямен меморандум жасастық. Қаңтар айынан бастап құрылысқа қажетті материалдарды жасайтын боламыз. Яғни тапсырыс бойынша зауыт 1700 тонна метал құрылымын әзірлеуі қажет.

Жаңа жылдан соң, зауыт екінші цехты іске қосады. Қажетті қондырғылардың барлығы шателден жеткізіліпті. Жаңа ошақ ашылысымен тағы 20 адам жұмысқа тартылмақ.

 

 

Самат Джакупов.