Балалар

Жаңа жылдық таңертеңгілік – балаларға қуаныш сыйлауда

Еркебұлан Аманжолов, қалалық соқылар қоғамының төрағасы.

-Жаңа жылды балалар асыға күтеді. Сондықтан біз оларға арнап мерекелік таңертеңгілік ұйымдастырып жатырмыз.

Жаңа жылға небары екі күн қалды. Сондықтан аяз ата барлық балаларды мерекемен құттықтауға асықты. Ал бұған мыстан кемпір кедергі жасауға тырысты. Бірақ жақсылық жамандықты жеңді. Аяз атаға көмекке келіп, түрлі сынақтардан сүрінбей өткен бүлдіршіндер сыйлық та алды. Жаңа жылдық таңертеңгілікке орай тарту-таралғыларды Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері ұсынған.

Наиль Салимов, СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі.

-Қайырымдылық жасау біздің міндетіміз. Қаладағы зағиптар қоғамның төрағасы шақырту жіберген соң, біз балаларды жаңа жылмен құттықтауға келдік. Мұндай қайырымдылық шараларына ылғи қатысып отырамыз. Бүгін балаларға тәтті сыйлықтар алып келдік.

Жаңа жылдық таңертеңгілік көпшіліктің көңілінен шықты.

Светлана Гриднева.

-Бұл біздің алғашқы жаңа жылдық таңертеңгілігіміз. Балам осы мерекені асыға күтеді. Бүгін аяз атадан сыйлық алып, бір қуанып қалды.

Балалар бұл күні үйлеріне қайтуға асыққан жоқ. Шыршаны айнала ән айтып, би биледі.

 

 

 

Бану Ахметова.