Спорт

Сенная база кентінде жаңа мұз алаңы ашылды

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры.

-Бұл мұз алаңын ашуды хоккеймен айналысатын жастар өтінген еді. Өзімнің кіші немерем де бұл спорт түрімен шұғылданады. Сондықтан балаларға жәрдемдесіп, осы нысанның құрылысын бастаған едік. Жалпы, бұл мұз алаңын ашудағы мақсат – болашақ ұрпағымызға салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Қазіргі таңда, өңірімізде қысқы спорт түрлеріне баса назар аударылуда.

Сенная база кентінде ашылған мұз алаңы 2 айдың ішінде салынған. Оның ұзындығы 20 метр болса, ені 40 метр. Қазіргі таңда корттың қызметі тегін. Мұз айдынының ашылуымен өскелең ұрпақты депутаттар да құттықтады. Мәселен, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайырлы Едресов 70 жасқа келсе де, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануда. Бүгінгі мұз алаңының ашылу салтанатына ол отбасымен келген.

Қайырлы Едресов – облыстық мәслихаттың хатшысы .

-Бүгін Сергей Петрович солтүстікқазақстандықтарға мұз алаңын ашып отыр. Бұл нысанның тұрғындарға тигізетін пайдасы көп. Адамның денсаулығы зор болса, жұмыста нәтижелі қызмет атқарып, көрсеткіштері биік болады. Сондықтан да, салауатты өмір салтын әрқашанда ұстану керек.

Жаңа мұз айдыны коньки тепкен жастардың көңілінен шықты.

 

 

Сагыныш Маркашева.