Құқық қорғау органдары

Кезекті гарнизондық сап түзеу өтті

Серік Идрисов – СҚО ІІД бастығының орынбасары.

-Уақыт өткен сайын материалдық – техникалық базамыз нығаюда. Мәселен мына газель автокөлігін сатып алуға жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінген болатын. Техника оны үш күндік алдын алу шарасы барысында ақтап шықты. Сондай-ақ бірнеше көлікті айып тұрағына жебердік.

Тек облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға тәулігіне 300 ден астам азамат кезекшілікке түседі. Олардың екі жүзі полицейлер болса, қалғаны 66/37 әскери бөлімінің сарбаздары. Сондай-ақ қала тыныштығын күзетуге жекеменшік күзет құрылымдары да ат салысуда. Шара барысында өз міндеттерін абыроймен атқарғандары үшін «БАРС» күзет құрылымының бес қызметкері өңіріміздің бас полицейінің қолынан алғыс хат алды. Мұнымен қоса облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, тоғыз қызметкерге салтантты түрде шендерін табыс етті.

Азамат Әбдірахманов – Петропавл қалалық ІІБ кәмілеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы.

-Аға лейтенант шенін алып отырмын. Осы Петропавл қаласында жұмыс атқарып жатқаныма 1,5 жыл болды. Өз қызметімді нөмірі алтыншы аумақты бекетінде жалғастырып жатырмын. Болашақта жұмысыма бей-жай қарамаймын. Келе жатқан жаңа жылымыз құтты болсын.

Жалпы мұндай саптық байқау айына бр мәрте ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға кірісетін азаматтармен, техникалардың дайындығы пысықталады.

 

 

Самат Джакупов.