Балалар

Балаларға арналған ертеңгілік

Келер жылдың символы қой мен Ақшақар да балалардың көңілін көтеріп олармен ойындар ойнады. Кейін барлығы бірлесіп, Аяз атаны шырша маңында қарсы алып, жасыл желекті қолұстасып айналып, ән салып, сыйлықтарды қабылдады.

Мұндай ертеңгілікті мұражай балғындар үшін 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Жыл сайын жаңа бағдарламалар қызықты ойындарға әбден үйренген оқушылар осында келуге асық боламыз дейді.

Татьяна Качалова- Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 2 сынып оқушысы.

-Өте қызықты болды. Жақсы дем алып, достарыммен бірге көңіл көтердім.

Анастасия Прусакова- Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 2 сынып оқушысы.

-Маған қар патшалығында болып, түрлі кедергілерді бағындырған ұнады. Жұмбақтар шешіп, Кайды құтқардық.

Олеся Сиволак- Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің 2 сынып оқушысы.

-Өте қызықты болды. Аяз ата Ақшақармен бірігіп, шыршаны айналдық. Сыйлықтар алдық.

Мұражайдағы ертеңгіліктер әлі де жалғасын табады.

 

 

Магжан Ахмадина.