МТРА жаңалықтары

Шағын бизнес өкілдері салықты арнаулы салық тәртібі бойынша төлейді

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

-Әр түрлі елді-мекендерде өзге бөлімшелер немесе салық салу объектілері бар салық төлеушілер, басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалар арнайы салық режимін қолдана алмайды. Сонымен қатар бұл жеңілдікті басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар пайдалана алмайды.

Онымен қоса желілік маркетинг және риэлторлық қызмет көрсетумен айналысатын салық төлеушілердің арнаулы салық тәртібін қолдануға құқығы жоқ.

– Сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, өзге елдің компанияларынан табыс алатын заңды тұлғалар және ҚР-сы аумағында халықаралық көрмені ұйымдастырып, өткізетін мекемелер арнаулы салық тәртібін таңдау құқығына ие емес.

 

 

Берик Касен.