МТРА жаңалықтары

Петропавл қалалық мәслихаттың 32 сессиясы өтті

Мәселен қалалық мәслихаттың депутаты Аслан Сатинге Ұлттық экономика министрлігінің құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ шаһар басшысының кеңесшісі Анатолий Мишиннің кеудесіне «Мәслихатқа 20 жыл» төсбелгісі тағылды. Бұдан соң 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет қарастырылды. Бұл жайында экономка және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлнәр Әмренова баяндады.

Гүлнәр Әмренова – Петропавл қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі.

-Үш жылға арналған бюджет барлық кірістерді қосқанда 35 миллиард 292 миллин теңгені құрап отыр. Оның 11 миллардтан астамы 2015 жылға арналған. Өткен жылдармен салыстырғандағы кірістердің көлемі 15 пайызға артып отыр. Жалпы барлық бюджеттің 62 пайызы білім саласына,19,2 проценті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына ал 7,2 пайызы түрлі әлеуметтік көмекке бағытталатын болады.

 

 

Самат Джакупов.