Балалар

Жаңа жыл қарсаңында жасалған сыйлық

– Маған сыйлықтар қатты ұнады. Берген күртеше де өзіме шап-шақ, жылы.

– Жаңа жыл қарсаңында сыйлық алып жатқаныма өте қуаныштымын. Барлығы көңілімнен шықты. Келешекте ұстаздар мен ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын.

Надежда Пирожкова балалар үйінен екі балғынды өз қамқорлығына алған. Қазір олардың екеуі де осы білім ошағында оқиды. Оларға да бүгін Аяз ата мен Ақшақар сыйлық үйлестірді. Мектеп мұндай қайырымдық шараларды үнемі өткізіп тұрады.

Ольга Белоусова- Д.М.Карбышев атындағы №40 орта мектеп директорының орынбасары

– Жаңа жыл – балалар ерекше тағатсыздана күтетін мереке. Олар ғажайыпқа сенеді. Сондықтан біз кішкене болсын, оларды қуанту мақсатында осындай тарту-таралғы жасадық.

Жалпы аталмыш оқу ордасында 438 бала білім алады.

 

Магжан Ахмадина.