Денсаулық сақтау

Шал ақын ауданында күніне 250 адамға қызмет көрсететін жаңа аурухана ашылды

Владимир Бубенко, СҚО әкімінің орынбасары

-Жыл басынан бері 6 емдеу мекемесінен 700-ден астам пациент сапалы медициналық көмек алды. 600 солтүстікқазақстандықтың жүрегіне ота жасалған. Соңғы 10 айдың көрсеткіші бойынша биыл аймақтағы өлім 8,3 пайызға төмендеген.

Осы тұста өңір жетекшісінің орынбасары медициналық мекеменің ұжымы мен тұрғындар игілігіне 17 млн. теңгеге сатып алынған су жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті.
Кейін “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша салынған жаңа нысанның ішін аралап, техникалық жарақталуын байқады.

Емдеу мекемесінің құрылысына ел қазынасынан 1млрд. 500 млн.теңге жұмсалды. Мұнда маммограф, рентген тағыда басқа медициналық аппараттарды сатып алу үшін республикалық бюджеттен 500 млн.теңге бағытталған.

 

Берик Касен.