МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті тәртіптік кеңесі өтіп, отырыста 9 іс қаралды

Ведомство мамандарының мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік сатып алулар кезінде нормативтік-құқықтық актілерді және қарамағындағыларға қатысты қызметтік этиканы сақтамаған, сонымен қатар жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтар жасаған. Жиын соңында тәртіптік кеңес мүшелері 6 адамды жұмыстан босату, тағы 1-не қызметіне сай еместігі жөнінде ескерту жасалса, 1 азаматқа ар намыс кодексіне байланысты қатаң сөгіс жарияланды.