Балалар

Кембағал жандар қоғамның басты назарында

Владимир Пятигорский – Қызылжар аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы.

– Қызылжар ауданы бойынша 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бүгін, міне, солардың бір бөлігін жинап, мерекелік шара ұйымдастырып жатырмыз. Мына балақайлардың барлығы өз үйлерінде білім алады. Сондықтан оларға қуаныш сыйлау игі іс деп айтуға болады. Жалпы бүгінгі шыршанының өтуіне мұрындық болып отырған аудан әкімшілігіне және «Молсервис» серіктестігіне ризашылығымды білдіремін.

Шара барысында балалардың назарына ертегілік қойылымдар ұсынылды. Одан балғындар үлкен әсер алды. Тіпті мүмкіндігі шектеулі жандар Аяз ата және Ақшақармен бірге шыршаны айнала әнге салды. Бақыт Мажкеева жаңа жылдық шыршаға кішкентай қызын ерте келген. Осындай мерекелік көңіл-күй сыйлап жатқан ұйымдастырушыға азаматша ризашылығын білдірді.

Бахыт Мажкеева – Ата – ана, Қызылжар ауданы.

– Үлкен рахмет. Осындай балаларды шеттетпей, мереке ұйымдастырып жатқандарына. Жаңа жылымыз қайырлы болсын. Балаларымыз бақытты болсын, ауырмасын. Жақсылық болсын. Осындай шырша жылда бола берсін.

Ұйымдастырылыған шараға кембағал балалар белсене қатысты. Тіпті өз өнерлерін көрсетіп, жаңа жылға жаттаған өлңдерін көпшілікке ұсынды.

Мерекелік бағдарламадан соң, балаларға дастархан жайылып, ас берілді.

Джакупов Самат.