Қоғам

Ардагерлер қуанышқа бөленді

Бұл күні Берік Біләлов мерекемен зейнеткер Мария Буржинскасты да құттықтады. 75 жастағы кейуана Петропавлдағы бірқатар мекемелерде жұмыс істеп, еңбек демалысына шыққан. Қазір зейнеткерді облысымыздың ішкі істер департаменті өз қамқорлығына алыпты. Тәртіп сақшылары осыған дейін ардагерге әлеуметтік көмек көрсетіп, отын және көмірін алып берген. Мария Буржинскас қамқорлыққа алғысын білдірді.

Мария Буржинскас -еңбек ардагері

 

– Мереке қарсаңына азық түлік пен материалдық жағынан көмек көрсетіп жатырсыздар. Бұл біз сияқты зейнеткерлерге артықшылық етпейді. Баршаңызға денсаулық пен жақсылық тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын. Ал мені ұмытпай сый құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рахмет.

Жалпы соғыс жылдарынан кейін облысымыздың ішкі істер органдарындарының қатарында 700-ден астам майдангер қызмет істеген.

Ахметова Бану.