МТРА жаңалықтары

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханаға ағылшын тіліндегі әдебиеттер жеткізілді

Ляна Овчяренко – С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханадағы “әлемдік әдебиет залы” басшысының міндетін атқарушысы

– Біздің қорымыз жаңа үстел ойындары, балаларға арналған ертегілер және ағылшын тіліндегі үнтаспалармен толықты. Бұның бәрі американдық орталықтың тұрақты оқырмандары үшін жасалып жатыр. Кітаптар мен әр түрлі ойындар баланың ойлау қабілетінің дамуына зор пайдасын тигізеді.

Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап. Себебі, жақсы оқулық – жанға рухани азық болады.

–  Американдық жазушы Лаура Вакаро Сиджердің “Lemons are not red” атты кітабы ең танымал туындылардың қатарына кіреді. Әлемдік әдебиет залында қызмет ететін мамандардың айтуынша, бұл кітап балаларға ойлау қабілетіне тигізер септігі мол екен.

Жаңа әдебиет туындыларымен танысуға, ЛОРД мектеп-лицейінің оқуышлары келді. Олар кітаптарды оқудан басқа, үстел ойындарымен ойнап, қызыққа бөленді.

Олжас Ысқақов – ЛОРД мектеп-лицейінің оқушысы

– Мен екі жыл бойы әлемдік әдебиет залына келіп отырамын. Бұл кітапханада “Рататуй”, “Чикен литл”, “Спик аут” атты кітаптарды оқимын. Бұл білім ордасы маған өте ұнайды. Біз оқудан басқа, түрлі ойындарды ойнап, серігіп отырамыз.

Сонымен қатар, бұл білім ордасында жексенбі күні ағылшын тілі бойынша тегін курстар өткізіледі.

 

Сагыныш Маркашева.