Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы Ерік Сұлтанов тұрғындарды қабылдады

Наталья Римская-Корсакова – Ардагер ұстаз.

– Мен өмірімнің 40 жылын музыка саласына арнадым. Сондықтан осы жайлы естелік болсын деп туынды жаздым. Бұл кітапта музыка пәнінен сабақ берген педагогтар жайында да баяндалған. Ол біздер үшін таптырмас құрал екені даусыз.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі.

– Бұл жұмыстармен айналысуды қала әкіміне тапсырамын. Келер жылдың қаңтар айында мәселе шешілуі қажет.

Ал Берік Бекмағанбетовтың жеке балабақша аша алмай жүрегеніне 2 жылдан астам уақыт болған. Арнайы ғимараты да бар. Тек нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған екен. Бүгінгі күні ғимарат өзінің жеке қазандығы арқылы жылытылады. Яғни бұл жаңа заңнамаға сай келмейді. Ерік Сұлтанов жеке кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдау болытындығын айтып, бұл жұмыстарды шешуді де қала әкімі Марат Тасмағанбетовқа жүктеді.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі.

– Бұл азаматқа көмектесу керек. Әсіресе несие жағынан. Қала әкіміне тапсырамын. Бір екі аптаның ішінде ұсыныс енгізіңіздер. Жаңа жылдан соң тағы қосымша көмектесеміз.

Оксана Фирсова облыс әкіміне барлық балабақшаларда инклюзивті білім беру жүйесін енгізсе деген ұсынысын білдірді. Себебі бүгінгі күні бірде-бір мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемеде мұндай топ жұмыс істемейді. Ал мүмкіндігі шектеулі балғындардың қатары уақыт өткен сайын артуда. Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қаринова мәселенің болашақта шешілетіндігін жеткізді.

Шолпан Қаринова – Облыстық білім басқармасының басшысы.

– Қазір мәселе қарастырылып жатыр. Себебі ол өзекті. Болашақта сұрақ толықтай шешімін табады.

Кемел Асқаров Ресей Федерациясына қарасты Псковская облысында жерленген әкесінің басына барып қайту үшін қаржылай көмек сұрай келіпті. Ұлы отан соғысы жылдары майданға аттанған жерлесіміз ұрыс даласында қайтыс болып, сол жақта жерленген екен. Азаматтың жолына 200 мың теңгеден астам қаражат қажет. Ерік Сұлтанов мәселені шешуді қалалық ардагерлер кеңесіне жүктеді. Жалпы бұл күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филилалының төрағасы, өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов 10 адамның айтарына құлақ асып, олардың жағдайларымен танысты. Кездесуде көтерілген мәселерінің барлығы жіті бақылауда болмақ.

Джакупов Самат.