Спорт

Хоккейден облыстық чемпионат өтті

Александр Нелюбов – бас төреші

– Қазіргі таңда, өңірімізде хоккейге барынша көңіл бөлініп жатыр. Қаламызда бұл спорт түрі бойынша алаңдар салынуда. Бұған біз өте қуаныштымыз. Енді жас ұрпақты чемпионаттарға дайындап, үлкен жетістікке жету үшін сүбелі үлес қосамыз.

Бірінші кезекте алаңға Ғ.Мүсірепов пен Қызылжар ауданының командалары шықты. Ойынның бірінші кезеңінде екі команда да бұл тартыста бір-біріне дес бермей келді. Бірақ, аз уақыттың ішінде Қызылжар ауданының ойыншылары басымдық танытып, қарсыластарының қақпасына алғашқы голын соқты.

Алғашқы 20 минуттың ішінде Бескөл құрамасының ойыншысы Валерий Пермяков тағы бір гол соғып, есеп 2:0-ге жетті.

Константин Серик – Қызылжар ауданының ойыншысы

– Ойын қызық өтуде. Қарсыластарымыз өте мықты екен. Хоккейден чемпионатты біз көп уақыт бойы күткен едік. Бұл сайысқа қатысу үшін, қызу дайындық жүргіздік.

Жарыстың екінші кезеңінде Ғ. Мүсірепов ауданының шабуылдары өткір болғанымен, сәттілік жетіспеді. Қалған 20 минут уақыт ішінде Қызылжарлықтар тағы 3 шайбаны қақпаға соғып, кездесу соңына таман есеп 5:0-ге жетті. Бірақ, финалдық ысқырыққа дейін Бескөлдіктер тағы 3 шайбаны қақпаға еркін дарытты. Ал Ғ. Мүсірепов құрамасының хоккейшілері бір шайбаны ғана місе тұтты. Ақырғы есеп – 8:1. Чемпионаттың нәтижесінде, Қызылжар ауданының командасы чемпиоанттың жеңімпазы атанды. Екінші орынға Петропавл қаласының құрамасы жайғасса, үшінші орынды Шал ақын ауданының намысын арқалаған ойыншылар еншіледі.

Сагыныш Маркашева.