Энергетика

Қуат көздерін үнемдеуге арналған конференция

Хайролла Байшағыров – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры.

– Болашақта елімізде «Экспо» көрмесі өтеді. Елімізге миллиондаған қонақтар келеді. Оларға біз не көрсетеміз? Осы модельдерді жасап елімізге инвестиция тартуға да болады. Жаңа технологияны дамыту керек.Себебі Елбасы алдымызға жасыл экономиканы дамыту керек деген тапсырма қойды. Баламалы энергетика соның бір саласы.

Ғылыми – тәжірбиелік конференцияға көршілес Ресей Федерациясының да мамандары қатысты. Мәселен, Омбы мемлекеттік техникалық университенің профессоры Андрей Попов, жиналғандарға білім ошағы жанынан құрылған ресурстық орталықтың жұмысы жайында баяндап берді. Тіпті қазір өңірдегі бірқатар кәсіпорындар болашақта осы орталықпен әріптестік орнатуды жоспарлап отыр.

Андрей Попов – Омбы мемлекеттік техникалық университенің профессоры, Ресей Федерациясы

– Сіздердің университеттеріңіздің материалдық – техникалық базасы нығайған. Сондықтан болашақта білікті энергетиктерді дайындау үшін, мұнда біздегі секілді ресурстық орталық құруға болады. Яғни нәтижесінде бүгінгі студент алған білімін тәжірбие жүзінде шыңдайды. Осы саланың қыр – сырын жіті меңгереді. Оқу орнын тәмамдағанша ол өз ісінің шебері болып шығады.  

Жиын барсында болашақ мамандар да өз ойларымен бөлісті. Университет магистранты Бибігүл Нұрсейітова шунтты реакторларды қолданысқа енгізу қуат көзін үнемдеуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

Бибігүл Нұрсейітова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты.

– Реакторлар электр желілеріндегі реактивті қуатты тарату үшін қолданылады. Олар жоғары вольттік желілерде қосылады. Осы басқарылатын шунтты реакторларды қазіргі кезде Қазақстанның электр желілеріне қосса, олар желілердің жұмысын жақсартып, қуат көзін үнемдеуге мүмкінді береді.

Джакупов Самат.