Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары өрт кезінде 4 адамның өміріне араша түскен

Даурен Ширажиев, Петропавл қалалық ІІБ Куйбышев аймақтық пунктінің аға учаскелік полиция инспекторы

– Өрт сондірушілермен бірге подъезге жүгіріп кірдік. Біз барғанда құтқарушылар сонда болатын. Бірақ, ішке кіре алмаған соң, есікті сындырып енуге мәжбүр болдық. 5 минуттан соң үйдің ішінен 2 баланы көріп қалып, лезде алып шықтық. Сыртта алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Облыста бүгінге дейін орын алған өрт оқиғалары кезінде тәртіп сақшылары 4 адамның өміріне араша түскен. Батылдық танытқан 3 полицейдің ерлігі ескерілді.

Ахметова Бану.